lo
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
Павлодар облысы әкімдігінің ресми блог-платформа
Басты бет - Павлодар облысының әкімі - Б.Ж. Бақауов
Павлодар облысы әкімінің блогына қош келдіңіздер!
Сіздердің өтініштеріңізге жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында облыс әкімінің виртуалды қабылдау бөлмесі мен блогын халықпен байланыс жасаудың біртұтас нысанына біріктіру жөнінде шешім қабылданды.
Облыс әкімінің ресми блогы сұрақ-жауап интербелсенді нұсқада жұмыс істейді. Сауалдарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын. Барлық сұрақ-сауалдарыңызға онлайн режимінде жауап алатын боласыздар. Тек осылай ғана кемшіліктерді жойып, жұмысымыздың сапасы мен нәтижесін арттыра аламыз.
Сонымен қатар блогтан тыс кері байланыс мүмкіндігіне ие болу үшін өз байланыс деректеріңізді қалдыруыңызды сұраймын. Бұл қажет болғанда сіздермен байланысуға көмектеседі.
Менің блогым арқылы сұхбаттасу және кері байланысты іске асыру әкімшілік тосқауылдарды азайтуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды күшейтеді, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттырмақ, ал біздің ынтымақтастығымыз пайдалы да қызықты болады деп сенемін.


Cұрақ қою:
Аты*
E-Mail*
Тақырып (Сұрақтың санаты)*
Хабарлама*
Қорғаныш суреті*
Жауаптар:
22.09.2017 Игорь Вячеславович
Уважаемый Болат Жумабекович! В соответствии с п.7.4 МСН 4.02-02-2004 «Тепловые сети» На территории Павлодарской области отопительный сезон должен начаться при среднесуточной температуре +10 градусов. На сегодняшний день такие условия сложились. Однако в квартирах отопления нет. По информации КСК "Лия", руководство ТЭЦ-1 заявляет о подаче тепла только после 1 октября. Иначе как злостным саботированием начала отопительного сезона это не назвать! Срыв начала подачи тепла происходит из года в год! Пожалуйста, примите жёсткие меры!

Құрылыс, тұрғын үй–коммуналдық мәселелері

Уважаемый Игорь Вячеславович! Сообщите, пожалуйста, адрес.
06.09.2017 Қайынжамал
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Елбас Нұрсұлтан Назарбаевтың салияқалы саясатын іске асырып, халықты риза етіп жатқан қызметіңізге алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов мырзаға, "Нұр-Отан" парртиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Теренченко Илья Сергеевичке, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлына алғысым шексіз. Өткен жұма күні сіздердің бастамашылықтарыңызбен қалалық саябақта Құрбан айт мерекесіне орай балалар мен үлкендерге керемет мереке ұйымдастырылды. Жиналған халық кереметтей иманды тәрбиеге толы әңгіме тыңдап, кішкентай балалардың ислам жолындағы құран оқу жарысына куә болдық. Орталық мешіттің азаматтары жиналғандарға палау таратып, ас берді. Осының бәрі де менің көңілімнен шықты. Мен өзім ардагер анамын, жасым жетпіс тоғызда. Ұзақ жылдар бойы қаламыздағы алтыншы мөлтекаудандағы ардгерлер кеңесінің төрайымы болдым. Талай әкімддерді, басшыларды көрдім. Дәл сіз сияқты халықтың жағдайын ойлап, елім деп еңіреген азаматтардың осындай жасампаз істерін көргенде аналық алғысымды айтып, қуанышымды білдіргім келеді.

Ардагерлерге қамқорлық көрсету

Құрметті Қайынжамал апай! Жылы сөздеріңізге алғысымды айтамын! ҚҰрметпен, Болат Бақауов
29.08.2017 Раушан Тусупбаева
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Мен төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткермін. Жасым 76-да. Сұрайын дегенім: мен 1963-1996 жылдар аралығында Баянауыл ауданында тұрып, зейнеткерлікке сол жерден шықтым. Баянауыл ауданы Семей полигонының төменгі әлеуметтік-экономикалық аймағына жатады емес пе? Мұндай жайттар мен зейнеткерлік рәсімдегенде ескерілді ме, жоқ па - білмеймін. Зейнетақы саласына жауапты мамандарға сұрау салуға ықпал етуіңізді өтінемін. Полигонға жататын аймақта тұрғандығыма байланысты менің ешбір қосымша төлемақыға құқым жоқ па екен? Яғни, әрбір еңбек еткен бір жыл заң бойынша бір жарым жыл болып есептеледі деген мәліметтің дұрыс-бұрыстығын білейін деп едім. Бүгінгі күні Екібастұз қаласында тұрып жатырмын.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Құрметті Раушан Түсіпбаева! Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті сіздің өтінішіңізді қарап, келесідей хабарлайды. «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақта тұратын және зейнеткерлікке 1998 жылғы 01 қаңтарға дейін шыққан азаматтардың зейнетақыға үстемеақы алуға құқығы бар. Сіз қазіргі уақытта Екібастұз қаласында тұрыңызға байланысты, бұл аймақ жоғарыда көрсетілген радиациялық қауiптi аймақтарға жатпайтындықтан, зейнетақыңызға жоғарыда айтылған үстемақыны алуға құқығыңыз жоқ. Сонымен қатар, Сіз зейнеткерлікке шыққан кезде, Семей полигонының аймағында жинақталған еңбек өтілі жоғарыда көрсетілген Заң бойынша оған бiр жарым мөлшерiнде есептелді және қазіргі уақытта зейнетақы ісінің құжаттары бойынша 48 жылды құрайды. Зейнетақы төлемінің мөлшері 33263 теңге сомасында белгіленді, базалық зейнетақы төлемі 14466 теңгені құрайды. Зейнетақы мөлшері дұрыс белгіленді, және оны одан әрі арту үшін негіздемелер жоқ.
29.08.2017 Жиенбекова Баян Советовна
Cәлеметсіз бе,Болат Жұмабекұлы. Өтініш. Мен ,Жиенбекова Баян Советқызы Екібастұз қаласының тұрғыны ,20 жылдан бері жоғары категориялы ұстазбын. Нұр Отан партиясы құрылғалы мүшесімін. 30 жыл мектепте сабақ беріп,биыл наурыз айында құрметті демалысқа шықтым. Бар күш-жігерімді салып ҚР жас ұрпағына білім-тәрбие беруге ат салыстым. Оған дәлел облыстық білім бөлімінен алған Құрмет грамоталарым 2014 жыл, 2017 жыл,Екібастұз қалалық білім бөлімінен ҚР Тәуелсіздгінің 20 жылдығы мен 25 жылдығына орай алған грамоталарым , Нұр Отан партиясын 2014 жылғы алған Алғыс хатым т.б. марапаттауларым. Зейнеткерлік жинағым уақытында түсіп қуандым. Зейнеткерлікке шыға сала алданып қалдым. Жолдасым ерте қайтыс болып екі баламды өзім тәрбиелеп жеткіздім. Казір кіші баламмен бірге тұратын болғандықтан қолымдағы қаражатты сол балаға бердім. Ол Анес Асылжан 1988 жылы туған,үйленген екі баласы бар. «Богатырь» кенішінде жұмыс істейді. Балам Саденов Қанат деген азаматтан 850 000 теңгеге машина сатып алды. Саденов Канатты бұрыннан танығандықтан ,ақшадан қысылып тұрмын деген соң әуелі 50 000 теңге ,28.03.17 жылы 800 000 теңге өз қолымен санап береді. Ол баламнан ақшаны ала сала қарыз беремін деп Дүйсенбаев көшесіндегі үйлердің біріне кіріп кетеді. Сол күннен 17.07.17. жылға дейін машинаны мініп жүрдік. 17.07.17 есік алдынан машина жоғалып кетті. Сол түні полицияға машинаның жоғалғаны туралы хабарластық, кезекшілер келіп тергеу жасады. Балам полицияға барып өтініш жазды. Жергілікті « Полезный Экибастузец» әлеуметтік желіге де хабарлама берілді. Ертеңінде автобус аялдамаларына да машина жоғалғаны туралы хабарламалар жапсырдық. 18.07.17 баламды кешкі сағат 16-30 маңында полициядан Қайыржанов А.Б. звондап шақырады . 15 минутқа келіп кетіңіз деп. Балам машинадан бір хабар бар шығар деп қуанып кетті. Содан түн ортасында бірақ шықты. Сөйтсек машинаны Саденов Қанат пен сыбыйласы Купенов Бауыржан алып кеткені белгілі болады. Қайыржанов А.Б. балама Қанатқа звонда дейді. Асылжан 3-4 рет звондайды ,Саденов звонокты алмайды. Асылжанның көзінше Кайыржанов А.Б. звондайды . Ол трубкасын алып екеуі сөйлеседі. Кайыржанов А.Б. Саденовты полицияға шақырады. Саденов келеді. Менің баламнан амандықтан соң , «Не машинаңды біреу айдап әкеткен бе?»- деп сұрайды. Қайыржанов Саденовтан « Сен алып кеткен жоқсың ба?» деп сұрайды . Ол «Жоқ»- деп жауап береді. Бірер минуттан соң екеуі бөлек бөлмеге оңаша сөйлескен соң, менің балама Саденов Қанат сол жерде пәле жабады. Анес Асылжан бір тиын ақша берген жоқ,машинаны өзі берді деп. Сол күні кезекшілікте болған полиция қызметкерлері ақша бермегеніңді мойында деп кезек-кезек ақыл-кеңес береді. Бірақ балам шынында өз қолымен 850 000 санап бергендіктен, ондай айыпты мойындамайды. Автокөлікті айдап кетті квалификациясымен іс ашылады. Баламның қолындағы машинаның кілтін,құжатын тергеуші Рыспаев алып қояды. Рыспаев іс біткенше машина айыптұрағында тұратынын,және құжат пен кілт полицияда болатынын айтады. 2-3 күннен кейін машинаны Саденов Қанат өзінің бұрынғы әріптестерінің көмегімен айыптұрағынан алып мініп алды және күні бүгінге дейін мініп жүр. Ал іс әлі жабылған жоқ. Саденов Қанат Екібастұз қаласында полицияда 10 шақты жыл жұмыс істеген , әрі полиция қызметкері Қайыржанов А.Б екеуі жақын дос болғандықтан әрине Қайыржанов өзінің қызметін пайдаланып Саденовтың машинаны ұрлап кеткендігін дәлелдегісі келмей қылмыстық фактіні жасырды. Ал Саденов Қ полицияға адал қызмет етпегендіктен жұмыстан босатылған және соңғы жылы жұмыссыз жүрген азамат. Ал , мен не машинасыз, не ақшасыз қалдым. Зейнеткерлік фондтың қалай жиналатынын білесіз. 2000 жылдары мұғалім ақшасы 10000 теңге болды.сол кезде ай сайын 100 теңгеден ,соңғы жылдары 100000 болған кезде 10000 теңгеден маңдай термен жиналған ақшамды алаяқтар пайдаланып отыр. Мен моральді-материалды шығынға ұшырап отырмын. Өзім гипертоник, остеоартроз дигнозымен № 2 поликлиникада тіркеуде тұрмын. Саденовтың ақшаны айлакерлікпен қалтасына басып алғаны да , машинаны ұрлап кеткені де менің жаныма батады. Мен жасым алпысқа таянғанда өтірік айтатын адам емеспін,және балам да жұмысында беделді,ақкөңіл,достыққа адал жан. Менің балам әр тиынның қалай келетінін біледі. Ол қаршадайынан шахтер болып еңбек етіп келеді. Саденовтан алаяқтық күтпегендіктен осындай шығынға душар болдық. Мен анасы Саденова Алтынаймен сөйлестім.Баласы анасын да алдаған. Оған қайтадан сатып алдым деген. Ол баласын жақтап отырған жоқ. Ақшаны қайтарамыз деп шыр-пыр болды. Мен істің адал шешілетініне күман келтіре бастадым. Тіпті адвокат жалдадым. Тергеушілер прокуратурадан нұсқау келген соң машинаны қайтадан айыптұрағына қойдырамыз деген бірақ, Саденов ұстатпай жүр дейді. Шілде айында біздің құқығымызды бұзып Саденовтың қолына машинаның құжатын беріп ,машинаны айыппұл тұрағынан алып бермеген жағдайда мен осыншама күйінбес едім. Іс жабылмай осындай іс-әрекеттке барған полиция қызметкерлерінің жауапкершіліктерінің шектеулі екенін және заңды бұзатын азаматтар екеніне көзім жетті. Біз әулетімізбен ұстазбыз. Барлық педагогикалық еңбек өтілін санасақ 200 жылдан асып кетеді. Отырып ойлаймыз сонда осындай Саденов,Купенов Б. сияқты өтірікші,пәлеқорлар біздің қоғамға жат қылықтарымен әлі талай адамды қан қақсатады ғой. Өйткені оларға біз құдайдай сенетін полиция азаматтары көмектескен сайын,былыққа бата береді. Әрине, кейбір адамдар үшін 850 000 теңге деген көп ақша емес. Ал мұғалімнің еңбегімен бағаласақ, бұл бір жылдық еңбек. Бұл менің 20 жылғы зейнеткерлік жинағым. Менің сізден өтініп сұрайтыным осы істің дұрыс шешілуіне менің және баламның құқығын қорғауға көмектессеңіз екен . Осы оқиға болмаса мен арыз жазбаушы едім.Ақ адал еңбегіммен келген тиын-тебенімнің бала-шағаммен,немерелеріме бұйырса екен,мәселе дұрыс шешілсе екен деп Сізге шағымданып отырмын. 29.08.2017 Зейнеткер ұстаз : Жиенбекова Б.С.

Құқық қорғау органдары

Ққұрметті Баян Советқызы! Екібастұз қаласы ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде, 313 ЕЕА 14 аймақты мемлекеттік тіркеулі нөмірімен «ВАЗ 2113» маркалы автокөлігін айдап кету фактісі бойынша, 17.07.2017 жылда сотқа дейінгі тергеп терксерудің біріңғай тізіліміне №175522031001585, Қазақстан Республикасының ҚК 200 бабының 1 бөлімінің (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен тіркелген материалы бар. Облыс ІІД тергеу басқармысының басшылығындағы қабылдауда Б.С.Жиенбекованың дәлелдері және шағымдары назарға алынды. Айтылған дәлелдерідің есебінде, қылмыстық істің жүргізілуі облыс ІІД тергеу басқармасының қадағалауына алынды. Қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу және кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған қосымша тергеу әрекеттерін жүргузу жайлы жазбаша нұсқаулар берілді. Қылмыстық істің жүргізілуі қадағалануда. Құрметпен, Болат Бақауов
25.08.2017 средняя школа села уштерек
Уважаемый Болат Жумабекович! Коллектив средней школы села Уштерек города Аксу выражает огромную благодарность Вам за постоянную поддержку и заботу сферы образования. Благодаря Вашему грамотному подходу и оперативному решению задач, поставленных Президентом страны, система образования нашей области занимает лидирующие позиции. И сегодня выделенный грант нашей школе является еще одним подтверждением вашего внимания к образованию. Школа получила колоссальную материальную поддержку, в то же время мы понимаем какая ответственность лежит на наших плечах. Мы благодарны Болат Жумабекович вам, за ваш неустанный труд и большое доброе сердце. С уважением, коллектив средней школы села Уштерек г. Аксу Құрметті Болат Жұмабекұлы! Сізге, білім саласында әрдайым қолдауыңыз бен қамқорлығыңыз үшін, Ақсу қаласы Үштерек ауылы орта мектебінің ұжымы үлкен алғысын білдіреді. Елбасының білім саласына қойған міндетін орындауда келелі мәселелерді шешудегі жедел біліктілігіңіздің арқасында Павлодар облысы көшбасшы орын иеленеді. Бүгінгі біздің мектепке бөлінген арнайы грант сіздің білім саласына деген көзқарасыңыздың дәлелі. Мектептің жан-жақты дамуына, білім сапасының өсуіне үлкен қолдауыңыз. Болат Жұмабекұлы, біз сіздің тынымсыз еңбегіңіз бен мейірімді жүрегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Ақсу қаласы Үштерек ауылы орта мектебінің ұжымы

Білім беру

Уважаемый коллектив средней школы села Уштерек г. Аксу! Спасибо за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
25.08.2017 "Жас дарын»
Павлодар облысы әкімінің арнайы 50 000 000 теңге грантымен марапаттағаныңыз үшін Болат Жұмабекұлы, Сізге «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұжымы алғысын білдіреді. Келешектің кемел иесі жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге қосқан үлесімізді жоғары бағалап, мерейімізді өсірдіңіз. Мамандықтың мәртебелісі ұстаздық болса, біз де сол тұғырдан табылдық. Шәкірттерімізді шаршы топты жарып озар жүйрік қылып баптағанымызға көрсеткен құрметіңіз бізді қанаттандырып шабыт берсе, өзгені ынталандырып жігер берді. Елімізде білімді ұрпақ пен білікті ұстаз молайсын! «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұжымы

Білім беру

Құрметті «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұжымы! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
25.08.2017 Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің әкімшілігі, ұжымы және ата-аналары Сіздің 50 млн. теңге мөлшерінде Грант бөлгеніңізге және біздің еңбегімізді жоғары бағалағаныңыз үшін алғысын білдіреді. Үздік оқытушыларға, студенттерге және облыстың білім беру ұйымдарына үнемі қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің облысымыздың, жалпы еліміздің гүлдену барысында қызықты бастамаларыңыздағы істеріңізге табыс тілейміз.

Білім беру

Құрметті Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің әкімшілігі, ұжымы және ата-аналары ! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
25.08.2017 Павлодарский педагогический колледж имени Б. Ахметова
Уважаемый Булат Жумабекович! Администрация, коллектив и родители педагогического колледжа имени Б.Ахметова выражают искреннюю благодарность за высокую оценку нашей работы и выделение Гранта в размере 50 млн. тенге. Благодарим Вас за постоянную поддержку лучших преподавателей, студентов и организаций образования области. Желаем Вам успехов в Ваших делах, интересных начинаниях на благо процветания нашей области, так и страны в целом.

Білім беру

Уважаемая администрация, коллектив и родители педагогического колледжа имени Б.Ахметова ! Спасибо за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
25.08.2017 №122 мектепке дейінгі гимназия
Уважаемый Болат Жумабекович! Коллектив Дошкольной гимназии №122 города Павлодара выражает вам огромную благодарность за высокую оценку труда и достижений воспитанников и педагогов нашего учреждения. На августовской педагогической конференции нашему детскому саду была вручена высокая награда – грант на 50 миллионов тенге. Это не только оценка труда педагогов нашего коллектива, но оценка значимости дошкольного воспитания в целом, насколько важен этот период для дальнейшего развития ребенка, какую роль играет предметная среда в этом развитии. Конец лета - это всегда время планов, перспектив, надежд, а для нашего коллектива вдвойне. Постараемся в дальнейшем также прилагать все силы для воспитания и обучения дошкольников, равития нашей дошкольной гимназии. Планируем использовать грант на создание современных условий обучения и благоустройство территории. Еще раз огромное спасибо. С благодарностью коллектив Дошкольной гимназии №122

Білім беру

Уважаемый коллектив Дошкольной гимназии №122 города Павлодара! Спасибо за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
25.08.2017 №122 мектепке дейінгі гимназия
Құрметті Болат Жумабекұлы! Бүгінгі күнде жүректеріміз қуанышқа толы . Ұжымымызбен шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз еңбегімізіді бағалап, біздің Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназияға үлкен сыйлық-50 миллион грант сыйладыңыз. Бұл тек қана біздің бағамыз емес , жалпы мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың бағасы деп санауға болады. Баланың өмірінде мектепке дейінгі тәрбиеге маңызды орын бергеніңізді білдіреді. Бірден бұл марапаттау біз үшін үлкен жауапкершілік. Балабақшаның әрі қарай дамуына, балалардың сапалы мектепке даярлауына жағдай жасап, қажымай еңбектенеміз деп уәде береміз. Берілген қаражатыңызды мектепке дейінгі гимназияның ғимаратын және ауласын замануий талаптарына сай аббатануына қолдануын жоспарлаудамыз. Ризашылықпен №122 мектепке дейінгі гимназия ұжымы

Білім беру

Құрметті №122 мектепке дейінгі гимназия! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
25.08.2017 Закерия Тилекберген
Ассалаумағалейкум Болат Жұмабекұлы сіз келгелі облысымызға көптеген өзгерістер кіріп қалаларысыздың бет- бейнесі жарқырай түсуде. Ел экономикасының қарыштап дамуына, халықтың әл- ауқатының көтерілуіне жоқ жітік жаны қыйналған науқас жандарға жағдай жасап қана қоймай, елдің мәдени- рухани жаңғыруына да сүбелі үлес қосудасыз. Соның бірегейі жуырда өткен ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ этноауылдық фестивалы көптің көңілінен шықты, өшкеніміз қайта жанды. Мен соны әдейі нбарып өз көзіммен көрдім. Және Павлодар арнасына сұхбат бердім. Сізге деген алғыспен Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылының тұрғыны мұғалім Закерияұлы Тілекберген. Аман болайық.

Әр түрлі

Құрметті Тілекберген Закерияұлы! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
23.08.2017 Качир ауданының тұрғындары
Павлодарда екінші жыл қатарынан «Ұлы дала елі» ұлыстар фестивалі өтуде. Биыл ұйымдастырылған Ұлы дала мерекесі өзінің ұсынылған алуан түрлі бағдарламасымен таң қалдырды. Мерекенің барлық ұйымдастырылуы қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, оның шығармашылығы мен қазіргі заманғы өнерін көпшілікке тарату үшін бағытталды. Облыстың тұрғындары мен қонақтары екі күн бойы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне толығымен артылды. Балаларға арнайы аймақ орнатылды, онда олар сурет салып, ойнап және қазақ халқының қолөнер шығармашылығымен таныса алды. Қазақстанның белгілі айтыскерлерінің өнер көрсетуі ерекше қызығушылық тудырды. Үш жүз домбырашылардың бір мезетте өнер көрсетуі таң қалдырды. Аспаннан жауған сыйлық – шашу рәсімі балаларды ғана емес, сонымен бірге үлкендерді де қуантты. Қазіргі Қазақстан эстрадасының жұлдыздары алдына көп көрермендерді жинады. Фестивальда барлық адамдарға орын болды, әсем безендірілген киіз үйлер фестивальға келген қонақтарды қуанышпен қарсы алды. Екінші күні «Ұлы Дала Елін» тамашалау қиынға соқты. Барлық қатысам деушілер спорттық жарыстарға, әр түрлі конкурстарға қатыса алды. Ұлыстар ауылында шет елден келген қонақтар көп болды, олар қазақ халқының тұрмысын, қонақжайлылығын және мәдениетін алғаш рет көріп таныды. Өз басым және менің достарым орасан зор әсер, жағымды көңіл-күй алдық, сонымен қатар біз тұрып жатқан ел және халықтары туралы көп жаңалықтар алдық. Біз өз қаламызды жақсы көреміз және мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, өзінің жеріне, халқына деген сүйіспеншілігі үшін біздің облыс әкімі Болат Бакауовқа алғыс білдіреміз. Біз бұл мереке тұрақты, әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жолында өз үлесін қосатынына сенімдіміз. Качир ауданының тұрғындары

Әр түрлі

Құрметті Качир ауданының тұрғындары! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 ПАВЛОДАРЦЫ
ОТ ВСЕХ ПАВЛОДАРЦЕВ ХОТИМ ПОБЛАГОДАРИТЬ ВАС ЗА ДОСТАВЛЕННОЕ УДОВОЛЬСТВИЕ В ВЫХОДНЫЕ ДНИ МЫ ПОЛУЧИЛИ СТОЛЬКО ПОЛОЖИТЕЛЬНЫХ ЭМОЦИЙ , СТОЛЬКО ВПЕЧАТЛЕНИЙ ОТ ТАКОГО МАСШТАБНОГО МЕРОПРИЯТИЯ, НУ ПРОСТО СЛОВ НЕТ ВЫРАЗИТЬ ЭМОЦИИ ОТ ЭТНОФЕСТИВАЛЯ. КАКАЯ ПРЕКРАСНАЯ ИДЕЯ , СПАСИБО ВАМ . ЭТО ФЕСТИВАЛЬ ДРУЖБЫ , ЕДИНСТВА , НАПРАВЛЕННЫЙ НА СБЛИЖЕНИЕ ЛЮДЕЙ ВСЕХ НАЦИОНАЛЬНОСТЕЙ . МНОГО БЫЛО ГОСТЕЙ И ИЗ НАШИХ ДРУЖЕСТВЕННЫХ СТРАН , К НАМ ПРИЕХАЛИ ГОСТИ ИЗ ГЕРМАНИИ , БЫВШИЕ ГРАЖДАНЕ КАЗАХСТАНА И ОНИ ПОРАЗИЛИСЬ РАЗМАХОМ МЕРОПРИЯТИЯ,ТАКОЕ ГРАНДИОЗНОЕ СОБЫТИЕ НЕ МОЖЕТ ОСТАВИТЬ РАВНОДУШНЫМ НИКОГО . ДЕТИ ПОЛУЧИЛИ УРОКИ ТВОРЧЕСТВА НА ДЕТСКОЙ ПЛОЩАДКЕ , ВЗРОСЛЫЕ НАШЛИ УДОВОЛЬСТВИЕ НАСЛАЖДАЯСЬ КОНЦЕРТНОЙ ПРОГРАММОЙ И ЭТОТ НЕЗАБЫВАЕМЫЙ ДОМБРОВЫЙ ОРКЕСТР, НУ ПРОСТО СУПЕР.ГОСТИ КАЗАХСТАНСКОЙ ЭСТРАДЫ КОТОРЫЕ ДОСТАВИЛИ ОГРОМНОЕ НАСЛАЖДЕНИЕ . ВСЕ ВОЗРАСТНЫЕ КАТЕГОРИИ НАШЛИ ДЛЯ СЕБЯ ПРИЯТНОЕ . МЫ СДЕЛАЛИ ПОКУПКИ НАШИХ РУКОДЕЛЬНИЦ.УЖЕ ПОСЛЕ МЕРОПРИЯТИЙ МЫ ДЕЛИЛИСЬ ВИДЕО И ФОТОСНИМКАМИ СО СВОИМИ РОДСТВЕННИКАМИ ДРУЗЬЯМИ ПО ВАЦАПУ И ЭТО ВСЕ РАЗНЕСЛОСЬ ПО ВСЕМУ МИРУ, КАК ЗДОРОВО НАМ ВСЕ ПО ДОБРОМУ ПОЗАВИДОВАЛИ .СПАСИБО ВСЕМ ВАМ ОРГАНИЗАТОРАМ.

Аймақ инновациялары: пікірлер, идеялар, ұсыныстар

Уважаемые павлодарцы! Спасибо за отклик. С уважением, Булат Бакауов.
16.08.2017 Жарқынбек Қастайұлы ТӨЛТЕБАЙ
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Өзіңіздің бастамаңызбен Кереку өңірінде «Ұлы Дала Елі» фестивалі өтті. Екі күнге созылған осынау дүбірлі тойдан зор әсер алып, шат-шадымен көңіл-күйде қайттық. Аталған фестивалдің аясында Атажұртқа қандас бауырларымыздың оралғанына 25 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылды. Сондықтан алыс-жақын шетелдерден фестивалге арнайы шақырылған қазақтармен дидарласып, мәз-мейрам болдық. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген болатын. Ертіс-Баян елінде өткен фестивалден қанымызда бар осы ізгі қасиеттердің қайта түлегеніне куә болдық. Рухани азық алдық. Осылайша сіздер ұлттық сана-сезімнің жаңғыруына, көкжиегінің кеңеюіне үлкен үлес қостыңыздар деп ойлаймын. Елімізде алғаш рет Павлодар облысынан бастау алған және биыл Кереку жерінде екінші мәрте өткізіліп отырған ұлттық санамызды жаңғыртып, рухымызды асқақтатқан аталған фестиваль Қазақстанның өзге де өңірлерінде жалғасын тапса деген тілегім бар. Сөз соңында, Сізге атқарып отырған қызметіңізде табыс, отбасыңызға амандық, денсаулық тілеймін. Кереку өңірі өсіп-өркендей берсін! Құрметпен, Жарқынбек Қастайұлы ТӨЛТЕБАЙ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Оңтүстік аймақтық филиалының жетекшісі, «Жебе» баспа үйінің директоры. Шымкент қаласы.

Әр түрлі

Құрметті Жарқынбек! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Молдахаева Жанна Асылбековна
Сәлеметсіздерме. Біз осы Павлодар облысына келіп ұланасыр тойлардың үстіне түстік. Ал енді кешегі «Ұлы Дала Елі» деген тойдың куәсі де болдық. Тойдың ауқымдылығы, ондағы ұйымдастырылып отырған іс-шараларға өзіміз тәнті болдық. Айтар болсақ киіз үйлердің саны және олардың үлкендігі. Өтіліп жатқан концерттік бағдарлама, көңілді әбден тебірентті. Соңында әкімдер кездесу болды . Өзіміздің Оңтүстіктің әкімі болған Заутбек Тұрысбеков көзімізге ыстық басылды. Ол кездесуде оңтүстік өңірлерден келген тұрғындар әкімдермен кездесуде түрлі көкейде тұрған сұрақтар қойып оған толыққанды жауаптар алып отырды. Тойдан қайтқанымызда үлкен шабытпен, көніл тоқтығымен бір үлкен серпіліспен қайттық. Осындай тойдың үстіне түскенімізге өзіміз де қуанып отырмыз. Құдай қаласа осы өңірге құтымызбен келейік өсіп өнейік.

Әр түрлі

Құрметті Жанна Асылбековна! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Омаров Мухит Мурсалиевич
Булат Жумабекович! В прошедшие выходные все мы стали свидетелями прекрасного грандиозного праздника, организованного для павлодарцев и гостей города в живописной местности в пойме Иртыша. Респект Вам, автору отличной идеи, и всей Вашей команде, воплотившим его в жизнь! Как человек, в свое время немало занимавшийся организацией подобных мероприятий, могу оценить, каких неимоверных трудов и организаторских способностей стоит этот праздник! Этнофестиваль, организованный в рамках президентской программы «Рухани жаңғыру» (Духовное обновление), имеет очень глубокий смысл. Елбасы постоянно напоминает, что развитие государства, продвижение вперед немыслимы без духовного наполнения, возрождения национальных богатых традиций казахского народа. Гостями и участниками фестиваля стали гости из стран ближнего и дальнего зарубежья, с некоторыми из них мне удалось пообщаться и обменяться мнениями. Их отзывы и оценка фестиваля высоки. На празднике я был со своим внуком, и видя с каким интересом и любознательностью он воспринимал все, что связано с культурным наследием предков, я был безгранично благодарен всем, кто организовал и провел его. Вы преподали урок истории, подарили тысячам павлодарцам (особенно молодежи) возможность перенестись в другую эпоху, почувствовать изнутри культуру и быт родного казахского народа. Спасибо Вам за великолепный праздник!

Әр түрлі

Уважаемый Мухит Мурсалиевич! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
16.08.2017 Кожахметова З.К.
12-13 тамыз айында облыс басшысының бастауымен, сол кісінің тапсыруымен облыс көлімінде еңбегі сіңген, көп жылдар бойы халық шаруашылығын дамытуға үлес қосқан, мал шаруашылығы мамандары мен өнеркәсіп дамытуға үлес қосқан, мәдениетпен өнер ісімізді дамытқан және еліміздің рухани жаңғыруына еңбек етіп жүрген азаматтардың басын қосып, «Ұлы дала елі» атты ұлы тойға шақырып, дастархан жайып құрмет көрсеткен Бақауов Болат Жұмабекұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. Президентіміз айтқандай, бізден «Аталарын ардақтаған, аналарын аялаған салт-дәстүрін салмақтаған халықтың ұрпағымыз», - деген сөзін біздің облыс әкімі іске асырды. Ұлы дала елінің қаншалықты киелі екенін, ұрпақтарының ұлағатты екенін өзінің бізге деген қария адамдарға көрсеткен құрметі, айтқан жылы сөздері бізді қуантты. Біздер болашағымыздың мықты азаматтардың қолында екеніне көзіміз жетті. Біз осы тойға қатысқан керемет көріністерге жүрегіміз толқып, жаң дүниеміз рахатқа толды. Еліміздің өңірін басқарып жатқан азаматтар жастарға үлгі көрсетіп, білім беріп жолдарын ашуда. Осы Ұлы дала жолымен Қазақтың Мәңгілік Еліне жеткізеді деген сеніміміз мол, АЛЛА елімізге тыныштық көп ұлтты халқымызға бірлік берсін деп тілейміз.

Әр түрлі

Құрметті Кожахметова З.К.! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Валерий Николаевич Иванюшин
Два дня праздника От каждого праздника у людей остаются воспоминания. Думаю, уверен, прошедший праздник «Ұлы Дала Елі» оставил у всех павлодарцев и гостей, посетивших его, самое хорошое и незабываемое впечатление. Поразила массовость, широта и разнобразие представленного и активность зрителей. Прикоснуться к истории жизни и быта казахского народа, воочию увидеть народные традиции, обычаи и творчество его, разнообразие одежды и различных изделий – все это впечатляло и не могло оставить никого равнодушным. Чувствовалась продуманность и тщательная подготовка к проведению этого праздника, с учетом давней старины и нашей современности, различии возрастных категорий людей, пришедших на праздник, обилие культурно-массовых, спортивных мероприятий и развлечений. Удачно вписалось в обширную, общую картину праздника и участие национальных культурных центров города. Впрочем, для всех это был наш общий единый праздник одного народа, проживающего в Казахстане. Вроде все это мы уже видели, все это уже было, но все это было преподнесено по-новому, с душой, творчески, увлекательно и захватывающе зрелищно. Все было организовано, подготовлено до мелочей и это создавало у всех пришедших праздничное, дружеское отношение друг к другу, атмосферу взаимоуважения, понимания и интереса ко всему. И, конечно, всех порадовал и поразил праздничный концерт на сценической площадке на Набережной. Мастерство исполнителей, теплота приема их выступлений зрителями, прекрасная погода создавали у всех радостное настроение и ощущение подлинного праздника. Спасибо за праздник. Праздник удался.

Әр түрлі

Уважаемый Валерий Николаевич! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
16.08.2017 Абдулхадиев Абдулазиз
Кереку облысына көші-қон себебімен келіп және «Ұлы Дала Елі» фестиваліне бірінші рет қатысып отырмын. Осындай үлкен шараға қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушылардың істеген үлкен істері бірден ақ көрініп отыр. Оңтүстік облысында тұрғанда Төреғали Төреәлі, Мұз-Арт тобы сияқты атақты әртістерді көрген емеспін. Кереку аймағы ақындық пен шеберлік, батырлықтың пен ғылымның мекені рас. Нағыз қазақы этноауылдың ішінде жүргендей сезімде болдым.

Әр түрлі

Құрметті Абдулазиз! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Сапаров Шақыр
Мен, Оңтүстік Қазақстан облысының, Сарыағаш ауданы тұрғыны Сапаров Шақыр, Павлодар облысына сапармен келіп, Қашыр ауданның Жаңақұрылыс ауылдық округінде болдым. Маған Тегістік ауылы мен Жаңақұрылыс ауылы ұнады, көшіп келу ойым бар. Республикалық «Ұлы Дала Елі» фестивалін тамашаладым, қатты ұнады.

Әр түрлі

Құрметті Шақыр! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
Ескертпе*
2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.
Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.
Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49 Телефондар: +7 (7182) 32-34-22, info.ao@pavlodar.gov.kz
Жоғары