lo
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
Павлодар облысы әкімдігінің ресми блог-платформа
Басты бет - Павлодар облысының әкімі - Б.Ж. Бақауов
Павлодар облысы әкімінің блогына қош келдіңіздер!
Сіздердің өтініштеріңізге жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында облыс әкімінің виртуалды қабылдау бөлмесі мен блогын халықпен байланыс жасаудың біртұтас нысанына біріктіру жөнінде шешім қабылданды.
Облыс әкімінің ресми блогы сұрақ-жауап интербелсенді нұсқада жұмыс істейді. Сауалдарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын. Барлық сұрақ-сауалдарыңызға онлайн режимінде жауап алатын боласыздар. Тек осылай ғана кемшіліктерді жойып, жұмысымыздың сапасы мен нәтижесін арттыра аламыз.
Сонымен қатар блогтан тыс кері байланыс мүмкіндігіне ие болу үшін өз байланыс деректеріңізді қалдыруыңызды сұраймын. Бұл қажет болғанда сіздермен байланысуға көмектеседі.
Менің блогым арқылы сұхбаттасу және кері байланысты іске асыру әкімшілік тосқауылдарды азайтуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды күшейтеді, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттырмақ, ал біздің ынтымақтастығымыз пайдалы да қызықты болады деп сенемін.


Cұрақ қою:
Аты*
E-Mail*
Тақырып (Сұрақтың санаты)*
Хабарлама*
Қорғаныш суреті*
Жауаптар:
16.08.2017 Кожахметова З.К.
12-13 тамыз айында облыс басшысының бастауымен, сол кісінің тапсыруымен облыс көлімінде еңбегі сіңген, көп жылдар бойы халық шаруашылығын дамытуға үлес қосқан, мал шаруашылығы мамандары мен өнеркәсіп дамытуға үлес қосқан, мәдениетпен өнер ісімізді дамытқан және еліміздің рухани жаңғыруына еңбек етіп жүрген азаматтардың басын қосып, «Ұлы дала елі» атты ұлы тойға шақырып, дастархан жайып құрмет көрсеткен Бақауов Болат Жұмабекұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. Президентіміз айтқандай, бізден «Аталарын ардақтаған, аналарын аялаған салт-дәстүрін салмақтаған халықтың ұрпағымыз», - деген сөзін біздің облыс әкімі іске асырды. Ұлы дала елінің қаншалықты киелі екенін, ұрпақтарының ұлағатты екенін өзінің бізге деген қария адамдарға көрсеткен құрметі, айтқан жылы сөздері бізді қуантты. Біздер болашағымыздың мықты азаматтардың қолында екеніне көзіміз жетті. Біз осы тойға қатысқан керемет көріністерге жүрегіміз толқып, жаң дүниеміз рахатқа толды. Еліміздің өңірін басқарып жатқан азаматтар жастарға үлгі көрсетіп, білім беріп жолдарын ашуда. Осы Ұлы дала жолымен Қазақтың Мәңгілік Еліне жеткізеді деген сеніміміз мол, АЛЛА елімізге тыныштық көп ұлтты халқымызға бірлік берсін деп тілейміз.

Әр түрлі

Құрметті Кожахметова З.К.! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Валерий Николаевич Иванюшин
Два дня праздника От каждого праздника у людей остаются воспоминания. Думаю, уверен, прошедший праздник «Ұлы Дала Елі» оставил у всех павлодарцев и гостей, посетивших его, самое хорошое и незабываемое впечатление. Поразила массовость, широта и разнобразие представленного и активность зрителей. Прикоснуться к истории жизни и быта казахского народа, воочию увидеть народные традиции, обычаи и творчество его, разнообразие одежды и различных изделий – все это впечатляло и не могло оставить никого равнодушным. Чувствовалась продуманность и тщательная подготовка к проведению этого праздника, с учетом давней старины и нашей современности, различии возрастных категорий людей, пришедших на праздник, обилие культурно-массовых, спортивных мероприятий и развлечений. Удачно вписалось в обширную, общую картину праздника и участие национальных культурных центров города. Впрочем, для всех это был наш общий единый праздник одного народа, проживающего в Казахстане. Вроде все это мы уже видели, все это уже было, но все это было преподнесено по-новому, с душой, творчески, увлекательно и захватывающе зрелищно. Все было организовано, подготовлено до мелочей и это создавало у всех пришедших праздничное, дружеское отношение друг к другу, атмосферу взаимоуважения, понимания и интереса ко всему. И, конечно, всех порадовал и поразил праздничный концерт на сценической площадке на Набережной. Мастерство исполнителей, теплота приема их выступлений зрителями, прекрасная погода создавали у всех радостное настроение и ощущение подлинного праздника. Спасибо за праздник. Праздник удался.

Әр түрлі

Уважаемый Валерий Николаевич! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
16.08.2017 Абдулхадиев Абдулазиз
Кереку облысына көші-қон себебімен келіп және «Ұлы Дала Елі» фестиваліне бірінші рет қатысып отырмын. Осындай үлкен шараға қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушылардың істеген үлкен істері бірден ақ көрініп отыр. Оңтүстік облысында тұрғанда Төреғали Төреәлі, Мұз-Арт тобы сияқты атақты әртістерді көрген емеспін. Кереку аймағы ақындық пен шеберлік, батырлықтың пен ғылымның мекені рас. Нағыз қазақы этноауылдың ішінде жүргендей сезімде болдым.

Әр түрлі

Құрметті Абдулазиз! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Сапаров Шақыр
Мен, Оңтүстік Қазақстан облысының, Сарыағаш ауданы тұрғыны Сапаров Шақыр, Павлодар облысына сапармен келіп, Қашыр ауданның Жаңақұрылыс ауылдық округінде болдым. Маған Тегістік ауылы мен Жаңақұрылыс ауылы ұнады, көшіп келу ойым бар. Республикалық «Ұлы Дала Елі» фестивалін тамашаладым, қатты ұнады.

Әр түрлі

Құрметті Шақыр! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Абдықалық Елдібаев
Мен, Абдықалық Елдібаев, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы тұрғыны, аудан депутаты. Павлодар облысына келіп «Ұлы Дала Елі» фестивалін тамашаладым. Қатты ұнады. Және де Қашыр ауданы, Жаңакұрылыс ауылдық округіне сапармен бардық. Маған Трофимовка ауылы мен Тегістік ауылы ұнады. Көшу тұралы ойланамын.

Әр түрлі

Құрметті Абдықалық! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
16.08.2017 Мингулова Виктория
Я, Мингулова Виктория приехала с г. Шымкент, побывала на фестивале «Ұлы Дала Елі». Я в восторге от всего увиденного. Праздник был очень насыщен самыми разными мероприятиями. Каждый мог найти для себя зрелище по вкусу: состязания борцов, выступление конных каскадеров, байге, кокпар. Множество юрт-музеев. Юрты наполняли ларцы с драгоценностями. Насладилась национальной музыкой и танцами. Помимо выступления танцевальных и песенных коллективов большое внимание привлекли индейцы эквадора. Спасибо большое всем, кто действительно устроил и организовал этот праздник!

Әр түрлі

Уважаемая Виктория! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
15.08.2017 Ризагуль
Қара Ертіс жағасында «Ұлы Дала Елі» атты дүбірлі той болатынын естіп үйде жата алмай балаларымды ертіп тойға бардық. Онда қатар-қатар тігілген киіз үйлер тігілген, халық көп, барлығы көңілді. Балаларыма не көрсетсем деп едім, оларға арналған түрлі ойын алаңдары бар екен. Барлық жағдай жасалған. Өздері талпынып, барлығын көздерімен көріп таң қалды. Төл мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған іс –шара, маған өте ұнады. Осындай ұлтымыздың салт- дәстірін кейінгі ұрпаққа жеткізу бәріміздің мақсатымыз. Олай болса, өз отбасымның атынан облыс басшысына алғысым шексіз. Ризагүл,көп балалы ана, Ертіс ауданы.

Қала, аудандар

Құрметті Ризагуль! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Воронов
Уважаемый Болат Жумабекович! В Вашей области прошел грандиозный фестиваль Улы дала ел. Приехав на свою малую родину в Иртышск , я по совету друзей выехал с семьей на данный праздник и признаюсь,был впечатлен , т.к мы никогда не видели столько юрт. Это целый городок. Здесь были интересные выставки, концерты , мастера -ремесленники .Дети катались на лошадях. Конечно же порадовали и мои земляки иртышане. Всех привлекла их выставка из хлебобулочных изделий, рог изобилия.,а сколько было угощений для всех желающих . Спасибо вам за безупречную организацию мероприятия.Думаю это будет ежегодный праздник и в следующий отпуск мы обязательно его посетим ! С ув. Е.Воронов житель г.Омск

Әр түрлі

Уважаемый Е. Воронов! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
15.08.2017 Дарига
Қазіргі жастардың арманы өнер жұлдыздарын көзбен көріп концертеріне бару шығар деп ойламын. Солардың бірі мен. Осындай мүмкіндік маған да бұйырды. Облыс деңгейіне өткізілген фестивалге барып онда өзімнің сүйікті әншілерімді көріп қайтым. Төреғали Төреәлі мен МұзАрт әндерін сүйіп тыңдаймын. Оларды көріп, әндерін тыңдап, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай мүмкіндік жасаған Облыс басшысы Болат Бақауовқа алғысым шексіз. Ертіс ауылының тұрғыны Дариға.

Жастар саясаты

Құрметті Дарига! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Шамшат ЖҮНІСҚАЛИ
Құрметті Болат Жұмабекұлы! - Павлодар өңірінде екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Ұлы Дала Елі» фестиваліне Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстан мен Монғолия, Ресей елінен қонақтар келді, бұл Ақсу өңірі, Павлодар аймағы және жалпы еліміз үшін үлкен мәртебе. Биылғы ауқымды шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Президент сөзімен айтар болсақ, «Біз бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз». Ал, санамыз бен қанымызға сіңген салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызды жаңғыртып, өткен мен бүгініміздің тоғыстырған «Ұлы Дала Елі» фестивалінің еліміз мен егемендігіміз үшін маңызы зор. Бүгінгі таңда рухымызды тіктеп, жарқын болашаққа бет түзедік. Тәуелсіздік алып, дүниежүзіне құшағымызды айқара аштық. Бірақ, барымызды ұмытпадық, барымызды әрқашан ұлықтадық. Жалпы, шара жоғары деңгейде өтті. Фестивальдің ұйымдастырылуын қолға алып, ең керемет деңгейде өткізген Сізге, Болат Жұмабекұлы, алғысым шексіз. «Ұлы дала елі» фестиваліне келген ардагерлерді ақ дастархан басына жинап, үлкендердің ақ батасын алғанының өзі - үлкен құрмет деп түсінемін. Осы орайда, қазақта «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген сөздің бекер айтылмағаны байқалады. Ұлттығымызды көрсетіп, рухымызды жаңғыртатын фестивальдің көзі ашық, көкірегі ояу халыққа берері мол. Тарихымызды ардақ тұтып, бүгінімізді қастерлеп, ертеңімізге нық қадам басқан шақта «Ұлы Дала Елі» шарасының біздің елде, біздің өңірде өтуі жанымызға қуаныш пен мақтаныш сезімін ғана сыйлайды. Ақсу қаласының құрметті азаматы, «Ақсу жолы» газетінің тілшісі

Әр түрлі

Құрметті Шамшат! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Мұса
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Халық көп болған Ұлы Дала Елі фестивалінің кереметтігі сонда, өзіміздің баяғы ауылымыздың ішіндегі көрінісін еске алады екенсің. Жасым 70-те болса да қызығушылық керемет болды. Рахмет, Болат бауырым. Қызметің өсе берсің, барғанда, бармағанда қызықтап еске алып отыратын болдық. Мұса ата Жүсіпов, Павлодар қаласы

Әр түрлі

Құрметті Муса ата! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Анар Какимова
Құрметті Болат Жұмабекұлы!Екі күн бойы павлодарлықтар мен өңір қонақтарына рухани әсер мен ұмытылмас рух сыйлаған «Ұлы дала елі» этнофестивалі жоғары дәреже өтті. Мен өнер адамы ретінде әр ұйымдастырылған мәдени шараларды қалт жіберіп алмауға тырыстым. Ең көңілімнен шыққаны әні белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов пен сөзі жерлесіміз, айтыскер ақын Асығат Тұрғанбековтың «Ұлы Дала Елі» фестивалі әнұранының «Музарт» тобының орындауында шырқалғаны. Жерлесіміздің осындай үлкен шараның гимніне автор болуы мен үшін үлкен мақтаныш. Жарайсыңдар!Анар Какимова, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті «Кенші» Мәдениет үйінің директоры

Әр түрлі

Құрметті Анар! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Айдар
Құрметті, Болат Жұмабекұлы. Біз, Елюбаев Айдар, Мұқажанов Жармақ Павлодар өлкесінде өткен «Ұлы Дала Ел» атты фестиваліне қатысқаным үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл жайт шынымен де, Қазақстанның түрлі өңірлерінің өкілдерінің басын қосып, бай тарихымыз бен мәдениетімізге шолу жасап, ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, көздің қарашығындай сақтап,құрметтеуге баулиды. Біз, Семей қаласының тұрғынымыз, зергелік пен қолөнермен айналасып күн көріп жүрміз. «Ұлы Дала Елі » фестивалінеде өзіміздің бұйымдарымызды халыққа ұсындық. Бұйымдарымыз, Павлодарлықтар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, шеберлігімізге деген сұраныс өте қанағаттандырды. Павлодар әкімшілігі бізді тегін тұрмыспен, тамақпен, көлікпен қамсыздандырды. Бұл үшін де шексіз алғыс. Осыған қоса, Павлодар облысының тұрғындары мен әкімшілігі өздерінің қонақжайылығын шебер таныта білді, Жалпы, барлық ұйымдастырушыларға,Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облысының тарихи – өлкетану музейіне көрсетілген көмек үшін мың алғыс. Шынымен де, бұл іс-шара жоғарғы деңгейде өтті: Болашақта Павлодар облысында өтетін айтулы іс –шараларда қуана қатысып, өз үлесімдізді қосамыз. Құрметпен, Айдар мен Жармақ

Әр түрлі

Құрметті Айдар! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Аян
Уважаемый Булат Жумабекович! Хотелось бы выразить огромную благодарность Вам за организацию и проведение этнофестиваля «ҰлыДала Елі». Уже второй год мы участвуем в нем. Мы представляли Алматы: изготовление древних национальных инструментов саз сырнай, сыбызгы, тамба казахских родов. Хотелось бы отметить большое количество посетителей. Наша экспозиция никогда не пустовалазачастую была и очередь. Даже не пришлось домой везти - все разобрали. Ежегодный этнофестиваль является одним из немногих площадок, где участники могут обменяться новыми идеями и наработками в области прикладного искусства. От нашего лица хочется Вам пожелать динамичного развития и увеличения ярких мероприятий из года в год. Благодарим Павлодарский краеведческий музей им.Г.Н.Потанина за приглашение. Спасибо! С уважением Аян

Әр түрлі

Уважаемый Аян! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
15.08.2017 Бейсенбек Камашев
Аса қадірлі Болат Жұмабекұлы!Мен «Ұлы дала Елі» атты этнофестиваліне арнайы шақырылған қонақ ретінде барып үлкен әсер алып қайттым. Әсіресе өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып отырған ауылшаруашылығы көрмесі өте ұнады. Аталған шараны ұйымдастырған облыс әкімі Болат Жұмабекұлына айтар алғысым шексіз. Осындай ұлттық нақыштағы шаралар өскелең ұрпақтың бойына халқымыздың ұлттық болмысын, тарихы мен салт-дәстүрін сіңірудегі алар орны ерекше.

Әр түрлі

Құрметті Бейсенбек! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Болат Омаров
Жалпы қазақ халқы сан ғасырлық тарихы бар, өзіндік басқа халықтарға ұқсамайтын қайталанбас болмысымен ерекшеленеді. Өңірімізде «Ұлы дала Елі» этнофестивалі болатынын естіген соң барып өз көзіммен көріп қайттым. Жеті қазынаның бірі саналатын ит асырауды жақсы көретіндіктен қазақы төбеттер мен тазылардың көрмесін тамашалап, тазының күшігін алатын болып келісіп келдім. Ұйымдастырушыларға рахмет. Болат Омаров Баянауыл ауданы Теңдік ауылы

Әр түрлі

Құрметті Болат! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Май ауданы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Сырым Нұрболат
«Ұлы Дала Елі» фестивалі Павлодар қаласының кіреберісінде тарихи орында бой көтерген этноауылда өтті. Кезінде елдің маңызды мәселелері халық арасында «Ақтөбе» аталып кеткен осы дөңнің басында шешілген деседі. Тарихи орынға тігілген жүзден астам ақшаңқан киіз үй мен Хан шатырынан дала қазағының тыныс-тіршілігін анық көруге болады. Этноауылда қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан сан алуан тұрмыстық бұйымдар мен ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Халық құмыра жасау, кес¬телеп тігін тігу, ат әбзелдерін жасау өнеріне де қанық болды. Осындай қазақтың тарихын көз алдына елестетін, қазақи тойлар жастарға салт-дәстүрлерімізді ұмыт қалдырмауға көп көмегін тигізеді.

Әр түрлі

Құрметті Сырым Нұрболат! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Павлодар ауданы,Мичурин ауылы. Айнагүл Рамазанқызы
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Елбасы жолдауындағы "Руxани жаңғыру" атты жобасы биыл "Ұлы дала елі" этнофестивалін ұйымдастыру арқылы жүзеге асты. Кереку өңірі "Мұзарт", "Ұлытау" топтарының, Нұрлан Әлімжан, Төреғалидің өнерін тамашалап, Дана Нұржігіт, Бақыт Қанат жүргізген кереметтей концертке куә болды. Фестивальге облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан, мекемелер мен ұйымдардан, мәдениет үйлері мен қарапайым xалық өнерлері мен ұйымдастырылған көрмелер дүйім жұртты таңқалдырды. Құрметті ұйымдастырушылар, әкімшілік қызметкерлері, концерттік шараны қолға алған режиссер Алтынбек мырзаға алғысым шексіз. Қазағымның көк байрағы желбіреген ардақты елім аман болсын, осындай әсерлі шараларда тек қуанышпен жүздесейік!

Әр түрлі

Құрметті Айнагүл Рамазанқызы! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Ринат
«Ұлы Дала Елі» фестивалінде болдым. Барлығы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Фестивальге қатысқаныма еш өкінбеймін. Халықтың қызығушылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Музарт», «Алем Band», Төреғали Төреәлі сынды өнерпаздардың өнері барлығымыздың да көңілімізден шықты. Дән ризамыз.Рахмет,Ринат Ильдин, Баянауыл ауданының «Жастар орталығының» директоры

Жастар саясаты

Құрметті Ринат! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
15.08.2017 Жапарова Бегайым
Уважаемый Булат Жумабекович! Хотелось бы выразить огромную благодарность Вам за организацию и проведение такого важного мероприятия «ҰлыДала Елі», в котором я приняла участие как ремесленница. Я приехала с Киргизии, чтобы поучаствовать в этом мероприятии. Привожу свои изделия второй год. Они пользуются большим спросом, что меня очень вдохновляет на новые творческие замыслы. Все свои изделия я реализовала и с удовольствием приму участие в следующий раз. Идея проведения таких мероприятий важна, это пробуждает в нас дух предков. Еще раз огромное Вам спасибо! Желаю Вам успехов и процветания! С уважением Жапарова Бегайым

Әр түрлі

Уважаемая Бегайым! Спасибо Вам за теплые слова. С уважением, Булат Бакауов.
Ескертпе*
2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.
Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.
Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49 Телефондар: +7 (7182) 32-34-22, info.ao@pavlodar.gov.kz
Жоғары