lo
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
Павлодар облысы әкімдігінің ресми блог-платформа
Басты бет - Гүлден
11.10.2017 Гүлден
Құрметті Болат Жұмабекұлы! Мен сізге анамның өтінішісі бойынша екінші рет хат жолдап отырмын. Анамның атынан сізге деген алғысымды білдіргім келеді. Біздің өтінішімізге бірден ат салысып көмек көрсеткеніңіз үшін үлкен рахмет! Анам Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының тұрғыны: Исмагулова Қайырзат Баязитқызы - 2 топ мүгедегі. Қазіргі таңда әкеміз өмірден өткелі үйдің кенжесі, бауырым Саматов Жанайдар Құрмашұлымен тұрады. Бауырым-әкеміз орнында шаңыраққа ие болып, анама бас-көз болып ауылда жұмыссыз отыр. Ауылда халықты жұмыспен қамтамасыз ету өте қиын. Себебі ауылдық өңірде жұмыс орындары санаулы ғана. Жұмыс орындары ауылдық әкімшілік орталығында, мектепте, медициналық қызмет көрсету орталығында, мәдениет үйінде ғана бар. Бос орындар күтіп жүрген азаматтар тізімі өте көп. Солардың қатарында менің бауырым да бар. Білуімше және де заң бойынша жақын арада, ауылдық әкімшілік орталығында күзетші орнындағы жұмыскер, жасына байланысты зейнеткерлікке шығып, жұмыс орнын босатуы тиіс. Анам қаржылай көмек болсын деп, бауырымды жұмысқа орналастыруын сұрап ауыл әкіміне жолыққан болатын. Бірақ өкінішке орай қанағаттандырарлық жауап алмаған. Сол күйі жұмыс жайлы хабар болмағандықтан, анам аудан әкіміне де өз өтінішін білдіріп хат жолдаған болатын. Содан кейін де еш хабар болмағандықтан, келесі үмітіміз сізден болып, осы орайда сізге тағыда хат жолдап отырмын! Өтініш білдіруімнің себебі де осы жұмысқа бауырымның қабылдануы болып отыр. Дұрыс шешім қабылданып, анамның бауырымды жұмысқа орналастыру өтінішіне ат салыса қарайтыныңызға үлкен үміт артамын! Рахмет, сізге алла жар болсын!

Халықты жұмыспен қамту

Құрметті Гүлден! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін! Құрметпен, Болат Бақауов.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49 Телефондар: +7 (7182) 32-34-22, info.ao@pavlodar.gov.kz
Жоғары