lo
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
Павлодар облысы әкімдігінің ресми блог-платформа
Басты бет - Қозыкөрпеш Мусапов
07.10.2019 Қозыкөрпеш Мусапов
Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің 1 терапия бөлімшесінің меңгерушісіне Қымбат Мұратқызына және барлық медбикелерге, санитарлық қызметкерлерге, аспазшыларға шын жүректен алғыс айтамыз. Біз сияқты, жаны жабырқаулы, тәні әлсіз адамдарға өздерінің қызметтерін адал әрі жауапкершілікпен атқарып жүргендері үшін, әр науқасқа жүректерінің жылулығын беріп, күні-түні аянбай ерен еңбек етіп жатқандары үші, АЛҒЫС АЙТАМЫЗ. Қызметтеріңіз берекелі, өмірлеріңіз мерекелі болсын! Біз сіздерге разымыз, Раббымыз разы болсын баршаңызға! Қозыкөрпеш Мусапов және Талғат Көптілеуов. Құрметпен, 1 терапия бөлімшесінің науқастарының атынан Қозыкөрпеш Мусапов және Талғат Көптілеуов.

Денсаулық сақтау

Құрметті Қозыкөрпеш Мусапов, Талғат Көптілеуов! Сіздің 1 терапия бөлімшесінің науқастарының атынан жолдаған алғыс хатыңыз облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің әкімшілігіне ұжымды таныстыру үшін жіберілді.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49 Телефондар: +7 (7182) 32-34-22, info.ao@pavlodar.gov.kz
Жоғары