lo
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
Павлодар облысы әкімдігінің ресми блог-платформа
Басты бет - Жанаргүл
18.05.2020 Жанаргүл
Құрметті Әбілқайыр Бақтыбайұлы! Сізге хат жазушы - Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесіндегі 107-үй тұрғындары. Біздің үй 2011 жылы тапсырылуға берілді. Бертін жанымызда тоғыз қабатты тағы бір жаңа үй пайда болды (Мәметова, 78). Осы екі үйде, Аллаға шүкір, бала аз емес. Үйлеріміздің алдында екі балалар алаңшасы бар. Бірақ аяғына дейін абаттандырылмаған, жабындысы жоқ. Жаңбыр жауса, жақындай алмайсың. Батпағы езіліп жатады екеуінің де. Осы мәселені қалпына келтіру керек. Жасанды жабынды төсеп. Әйтпесе, өзіңіз білесің, жаңбырдан қалған батпақ жылдам кебе қоймайды, балалар үйден шықпай отыра ма? Екінші мәселе - жоғарыда аталған алаңша кішкентай балаларға арналған. Ересек ұл балалардың іштері пысып, не істерлерін білмей жүреді. Ал біздің аулада футбол алаңына лайықты үлкен бос жер бар. Осы жерде балаларымызға арнап футбол алаңшасын салып беруіңізді өтінеміз. Биыл қаламызда бірнеше алаңша салынатыны айтылды. Бірақ қаланың біз сияқты шеткері ауданы назардан тыс қалмауы керек. Және салауатты өмір салтын дамытуды ұмытпау керек. Бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың тізіміне қосып, немесе демеушілер арқылы осы мәселені шешуіңізді сұраймыз. Құрметпен, 107-үй тұрғындары.

Балалар құқықтарын қорғау

Сәлеметсізбе, құрметті Жанаргүл! Аталған мекен-жай балалардың ойын алаңдарын орнату бойынша қажеттіліктің жалпы тізіміне енгізілді. Балалар ойын алаңдарын орнату орындарын қалалық мәслихат депутаттары қаланың коммуналдық қызметтерімен бірлесіп анықтайды.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49 Телефондар: +7 (7182) 32-34-22, info.ao@pavlodar.gov.kz
Жоғары